Қазақстанда тұрақты қоныстануға мелекеттік бажды енгізу ұсынылды
Бүгін комиссия отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылды.
«Көші-қон процестерін реттеу саласында өкілетті меморгандар қызметінің қажетті құқықтық негізін құру үшін тиісті ұсыныстар қарастырылған. Біріншіден, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерге рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды бекіту ескерілген», - деді Н. Әлтаев.
Сонымен қатар шетелдіктерді қабылдау мен беру бойынша мемлекеттік органдардың құзыретін нақтылау ұсынылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған заң жобасының тұжырымдамасы аясында шетелде өмір сүретін этникалық қазақтарға рұқсат құжаттарынсыз Қазақстан аумағында жұмыс істеу мүмкіндігін беру ескерілген.