Қазақстанда «Тұрақты ауыл» бағдарламасы әзірленуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ауылды сақтап, одан әрі дамыту мақсатында жаңа бағдарлама әзірлеу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры Қайрат Қапарұлымен кездестім. Ол Нұра ауданына қарасты Көбетей ауылында жүзеге асып жатқан пилоттық жобамен таныстырды. Жоба үй шаруашылығы арқылы ауылдағы ағайынның тұрмыстық жағдайын өсіруге бағытталған. Университет осы бағытта ауыл тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын айтты», - деп жазды «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Әбуов Facebook парақшасында.

Оның мәліметінше, қор үшін ауылдағы ағайынның жағдайы тұрақты түрде дамығаны маңызды. Онымен бірге, елге оралатын қандастардың басым бөлігі ауылға қоныстанады.

«Бүгінде қордың бизнес және жобаларды акселерациялау департаменті «Тұрақты ауыл» атты ауылды дамыту бағдарламасын әзірлеуде. Нұр-Сұлтан қаласына жақын орналасқан ауыл-аймақты аралап, ондағы халықтың жағдайымен танысты. Әр ауылдың ерекшелігіне сай келетін бизнес жобалар қарастырылуда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар