Қазақстанда турагенттіктер саны қысқаруы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда турагенттіктер саны қысқаруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туризм нарығы 100 пайыз тоқтап тұр. Ол қаңтар айының екінші жартысынан бастап жұмыс істемейді, өйткені коронавирус инфекциясы осы кезден бастап таралды, карантиндік шаралар енгізілді, рейстер жабылды және т.б. Туризм саласы қаражатты 100% жоғалтты деп айта аламыз. Сондықтан туризм нарығы қиын жағдайға тап болып отыр»,– деді Рашида Шайкенова.

Оның айтуынша, елдегі турагенттіктер саны қысқаруы әбден мүмкін.

«Туристік индустрияның ең сезімтал бөлігі – турагенттіктер. Үлкен қысымға ұшыраған да осы компаниялар. Біздің ойымызша, олар жабылып, саны қысқарады. Өйткені жағдай күрделі», - деп қосты ол.

Бүған дейін, Қазақстан туристік қауымдастығы Алакөлмен шипажай курортты орындарға туристер ағыны артатынын болжады.


Соңғы жаңалықтар