Қазақстанда тұңғыш валюталық үлеспұлдық инвестициялық қор құрылды
2014 жылғы 23 желтоқсан 14:35

Қазақстанда тұңғыш валюталық үлеспұлдық инвестициялық қор құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш «Тарлан» валюталық интвералдық үлеспұлдық инвестициялық қор құрылды.

Инвестиция салудың жаңа көзін «Асыл-Инвест» АҚ (ВИҮИҚ) іске қосып отыр.

«Тарлан» ВИҰИҚ қазақстандықтарға әлемдегі жетекші эмитенттердің шетелдік валютадағы түрлі бағалы қағаздарының иесі атануға, бірдей тәуекел жағдайында банктік (валюталық) депозиттердің табыс деңгейінен айтарлықтай асып түсетін табысты алуға мүмкіндік беретін тұңғыш қазақстандық қор.

«Қордың негізгі артықшылығы - салымдарды теңгеге айырбастаудың қажеттілігі жоқ. Бұл комиссия төлеп, табысты жоғалтудан сақтайды. Сондай-ақ инвестор азын-аулақ қаржыға ие бола тұра, өз салымын әртараптандыра алады. Біз табысқа кепіл бере алмаймыз. Бірақ инвестиция құралдарының ерекшелігін ескере отырып, табыс жылына доллар есебінде 7-8 пайыз болады деп айта аламыз», - деді «Асыл-Инвест» АҚ сату департаментінің директоры Мұхит Сейдахметов.

«Асыл Инвест» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Рақымбаев халыққа қазақстандық және шетелдік эмитенттердің құнды қағаздары қолжетімді болып отырғанын айтты. Инвестициялаудың ең аз мөлшері 100 (жүз) АҚШ долларын құрайды.

Бастапқы орналастыру кезеңінде ВИҰИҚ үлеспұлының атаулы құны 10 (он) АҚШ долларын құрайды. Алғашқы орналастыру 22 желтоқсанда басталды.

Jańalyqtar

MURAǴAT