Қазақстанда тұңғыш «Ұлттық өнер» факультеті ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлтымыздың рухани құндылықтарын әлемдік кеңістікте дәріптеу үшін елімізде тұңғыш рет «Ұлттық өнер» факультеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы мақсат пен міндеттерді іске асыру аясында, халқымыздың рухани құндылықтары мен тамыры тереңде жатқан ұлттық мәдениетімізді өркендету мақсатында елімізде тұңғыш рет «Ұлттық өнер» факультеті ашылды. Шараны өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров алғы сөзбен ашты.

«Қадірменді ағайын, құрметті қонақтар! Бүгінгі шараны біздің ұланғайыр мемлекетіміздің мәдени кеңістігінде, рухани өміріндегі ерекше бір елеулі оқиға деп ойлаймын! Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлт өнері мен мәдениет жолдарын ұлықтаудың бүкіл механизмдері көрсетілген. Сол көтерілген мақсат міндеттерді жүзеге асыру үшін осы факультетті ашу қажеттілігі туындады», - деді ректор.
null

null

Шараға Қазақтсанның Халық артисі Сара Тыныштығұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынов, Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов, Отырар сазы оркестрінің көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева және Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
null null

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынов өз сөзінде: «Жаңадан ашылып жатқан бұл «Ұлттық өнер» факультеті ел мәдениеті үшін айтулы оқиға. Жастар жылында жастарға жол ашып жатқандарыңызға дән ризамын. Бұл қазақ өнерін бүкіл әлемге паш етуге, үлкен мүмкіндік!» - деп, жүрекжарды лебізін білдірді.
null

Шара барысында қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев Ақан серінің өзі қолданған домбырасын қолға алып автордың репертуарындағы әндерін шырқады.

null null null null null

null

Соңғы жаңалықтар