+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда тұңғыш рет құсбегілердің «Бессайыс» бәсекесі өтті

2019 жылғы 28 қазан 23:55
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тұңғыш рет құсбегілердің «Бессайыс» бәсекесі өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының іргесіндегі атшабарда құсбегілердің «Бессайыс» бәсекесі өтті. Елімізде тұңғыш рет өтіп отырған турнирді облыстық спорт басқармасы мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бессайыс шарты бойынша әр құсбегіде бүркіт, қаршыға, ителгі мен тазы ит болуы міндеттелді. Сондай-ақ, құсбегінің өзі аударыспақ жекпе-жегіне шығады. Тұңғыш «Бессайыс» осындай бес түрлі бәсекеден тұрды.

Еліміз бойынша дәл осындай шартпен алғаш рет ұйымдастырылған «Бессайысқа» қатысушылар құсты қолға шақыру, шырғаға салу, сұңқарға далбай тептіру, қаршығаны қоянға, түлкіге салу, бүркітті түлкіге, шибөріге салу, 500 метрге тазы жарыстыру сияқты бәсекелер бойынша сынға түсті. Өз кезегінде құсбегілер арасындағы аударыспақ жекпе-жегі де қызық тартысты өрбіді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта «Бессайыста» әр құсбегіде бір құс пен тазы ғана болады. Есесіне олар аударыспақ, арқан тарту және жамбы атудан бақ сынамақ.

Аталмыш жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан келген барлығы 16 спортшы қатысып, 16 бүркіт, 13 тазы, 6 ителгі, 5 қаршығамен сынға түсті.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде құсбегілер арасынан жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы бас жүлдені иеленді.

Ал, жүйрік тазысы мен алғыр қаршығасы бірінші орынды, аударыспақта балуан құсбегісі үшінші орынды, бүркіті екінші орынды иеленген түркістандық команда екінші орынға табан тіреді.

Ал, қос ителгісі жүлделі орынға іліккен Алматы облысының командасына «Бессайыс» турнирінің үшінші орыны бұйырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT