Қазақстанда тұңғыш рет электромобильдер шеруі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС құрастырған JAK электромобилі 540 шақырымдық автошеруде сынақтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Jasyl Jol электромобильдер шеруі өтеді. Аталмыш шара барысында JAK маркалы отандық электромобильді сынақтан өткізу жоспарланған. Қостанайлық зауыттың өнімі BMW, Lexus, Jaguar, Tesla сияқты әйгілі марка өнімдерімен бәсекеге түспек. Шеруге халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мұрындық болып отырған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш ұйымның аппарат басшысы Әділбек Бәсекеев шараның шығындарын демеушілер көтеретінін айтты.

«Автошеру Нұр-Сұлтан - Бурабай - Нұр-Сұлтан бағытында өтеді. Оған 7 марканың өнімі қатысады. Арасында бір электробус та бар. Атмосфераның ластануына бүкіл әлем болып қарсы тұрып жатқанда бі з де өз үлесімізді қосу үшін осы шараны қолға алдық», - дейді Әділбек Бәсекеев.

Соңғы жаңалықтар