Қазақстанда «Тұңғыш Президент ізімен» халық экспедициясы» жобасы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында «Тұңғыш Президент ізімен» халық экспедициясы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа жобасы іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Экспедицияның символы Күнделік пен Ту болады. Оған жиналған материалдар мен есептер туралы жұмыс кіреді. 2020 жылдың 6 шілдесінде біз оларды Елбасыға таныстырамыз», - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Осыдан кейін ол туды Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа табыстады. Дәл осы аймақтан экспедиция бастау алады.

ҚХА-ның аталған жобасы Ассамблеяның 25 жылдығына арналған. Сондай-ақ, жоба Тәуелсіз Қазақстанның негізін салып, елдікті құруда Елбасының сіңірген еңбегін паш етуге бағытталған. Қазақстанның барлық аймағын және ҚР Тұңғыш Президенті аралаған шет елдерді қамтитын жобаны жүзеге асыру 2020 жылға белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар