Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 14-16 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Орталық Азия арқылы өтетін циклонға байланысты белсенді бұлт массиві Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкеледі. Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ауа ағындары ығысып, осыған байланысты елдің батысында, кейін орталығы мен солтүстігінде, 16 ақпанда шығыста қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Синоптиктер атап өткендей, тропосфералық ауа ағындары (5 шақырым биіктікте) батыс және оңтүстік-батысқа бағытталып, ауа температурасы көптеген облыстарда климаттық нормада және одан 2..4°С-қа жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар