Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 11-13 желтоқсан аралығындағы Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Сібір антициклоны шығысқа қарай жылжып, оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстігінен жылы атмосфералық ауа ағындары келеді. Соның салдарынан көктайғақ болып, республиканың көптеген облыстарында тұман түседі. Тасжолдарда түнде және таңертең жүру қауіпті болмақ», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар