Қазақстанда туберкулезбен ауыратын әр науқасқа жылына 2 млн. теңгеге жуық ақша бөлінеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 52,4 пайызға, өлім көрсеткіші 72,8 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Алматыда Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығында дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференция барысында аталған орталықтың директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, дертке қарсы тойтарыс беруде негізгі рөлді мемлекеттің қаржылық саясаты үлкен рөл ойнап отыр. Конференция барысында мәлім болғандай, елімізде жылына әр науқасқа 1,9 млн теңге бөлінеді екен. Бұл шығынға дәрінің құны, төсек орны, коммуналды төлем, тамақтану медицина қызметкерлерінің жалақысы кіреді. «Соңғы 10 жылда туберкулезге қарсы іс-шараларды барлық денсаулық сақтау құрылымдарының бірлесе кешенді жүргізуінің арқасында елімізде сырқаттану көрсеткіші 52,4 пайызға, өлім көрсеткіші 72,8 пайызға төмендегені байқалып отыр», - деді Тілеухан Әбілдаев. «Президент пен Үкіметтің қолдауымен туберкулезге қарсы шараларды қаржыландыру көлемі жыл сайын артуда. Айталық, 2013 жылы туберкулезге қарсы бюджет көлемі 35472,2 теңге болса, 2012 жылы 34569,4 млн теңгені құраған. Соңғы үш жылда бюджет көлемі 12 пайызға өсті», - деді ол. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі өткізілген конференцияның мақсаты дертке қарсы бағдарламаны жүзеге асыруда туберкулезге қарсы ұйымдар мен бастапқы медико-санитарлық көмек мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдарды біріктіру болып табылады. Шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, USAID Орталық Азия аймақтық өкілдігінің директоры Джонатан Адельтон қатысты.

Соңғы жаңалықтар