USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қазақстанда транзиті контейнерлік тасымал көлемі 4,5 есеге өсті

2021 жылғы 7 желтоқсан 19:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанда транзиті контейнерлік тасымал көлемі 4,5 есеге өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Транзиттік пойыз арқылы миллионыншы контейнер Қытайдың Сиань қаласынан Қазақстанның Алтынкөл станциясына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміржол станциясында орналасқан «KTZE Khorgos Gateway» құрлық портында пойыз тар жолдан кең жолға ауысқан соң, контейнер Ақтау портына, одан әрі Каспий теңізі арқылы Түркияның Мерсин қаласына жөнелтіледі.

«KTZ Express» АҚ басшысы Нұрлан Игембаевтың айтуынша, контейнерді Сианьнан Мерсинге апаруға 17 күн кетеді. Екі ара - 9 мың шақырым.


«Егер Қытай жағы балама ретінде Қазақстан аумағынан басқа бағытты таңдап, теңіз жолымен Түркияға жүк тасымалдаса, оған 35 күн кетер еді. Бүгін міне «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол желісі арқылы тасымалданатын контейнерлік транзиттік жүктердің жылдық көлемі алғаш рет миллион ЖФЭ-ге жетіп отыр.


Айта кету керек, 2016 жылдан бастап транзиті контейнерлік тасымалдау көлемі 4,5 есе көбейген. Сарапшылар бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады деген болжам жасап отыр.

Бұл жетістік теміржолшылардан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына лайықты сый болғалы тұр», - деді Нұрлан Игембаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT