Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда трансұлттық компаниялардың 22 жобасы пысықталуда - ИДМ

2018 жылғы 23 қазан 10:44 1687
Бөлісіңіз:
Қазақстанда трансұлттық компаниялардың 22 жобасы пысықталуда - ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Трансұлттық компаниялардың құны 9,2 млрд долларлық 22 пысықталуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында министрлік трансұлттық компанияларды тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Шамамен 10,6 млрд доллар болатын 34 жобадан трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды. Жалпы сомасы 1,4 млрд доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында, 9,2 млрд долларлық 22 жоба пысықталуда.

«Қазіргі уақытта 3 деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылды: сыртқы деңгейде - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің инвестициялық кеңесшілері және «Kazakh Invest» өкілдері; орталық деңгейде - Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-ы; өңірлік деңгейде - жергілікті атқарушы органдар, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-ның аймақтық өкілдері», - деді ол.

Жеңіс Қасымбектің дерегінше, соңғы жылдары елімізде заңнамаға өзгерістер енгізіп, рұқсат беру, салық салу, кедендік бақылау жүйелерін, көші-қон визалық режімін жеңілдетілді. Сондай-ақ ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес сот жүйесін жеңілдетілді.

«Қазіргі уақытта ірі инвесторлардың қатысуымен болатын инвестициялық даулар бірінші сатыдағы сот ережелері бойынша Жоғарғы сотта, қалғандары Астана қаласының сотында қаралады. Оларды қарау үшін Жоғарғы сотта Астана қаласының мамандандырылған сот алқасы құрылды. Проблемалық мәселелерді жедел шешу мақсатында инвесторлардың мемлекеттік органдармен даулы мәселелері бойынша мүдделерін қорғайтын инвестициялық омбудсменнің институты жұмыс істейді», - деді министр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT