Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қатаң карантиндік шараларды енгізбейміз деген үміттемін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында алдағы уақытта елімізде төтенше жағдай режимін енгізу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойылды.

«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Осындай шешім қабылдау қажет болса, тиісті қадамдар жасалатыны анық. Дегенмен, қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақтылықты тиісті қызметтердің жұмысы арқасында сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, әр азамат маска тағып, арақашықтықты сақтап, бұқаралық шараларды ұйымдастырмай халықты қорғау бағытындағы шараларға атсалысады деп ойлаймыз. Бұл талаптарды орындасақ, карантинсіз әрі шектеу шараларынсыз індетті еңсереміз деген сенім бар», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан бірнеше елмен арадағы әуе рейстерін қысқартпақ.

Соңғы үш аптада елордада карантин талабы жиі бұзылған.


Соңғы жаңалықтар