Қазақстанда төмендетілген жаңа тарифтер қашан жарияланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 1 желтоқсанға қарай ТКШ қызметтеріне төмендетілген жаңа тарифтерді таныстыруды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші желтоқсанға қарай Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері қадамдық жоспарды енгізуі тиіс. Ол жоспарда электр мен жылудың, сумен, газбен жабдықтау қызметтерінің, сондай-ақ кәріз желісінің, телефон байланысының, интернеттің, ПИК тарифтері қалай және қаншалықты төмендейтіні көрсетілсін. Президент әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, ашық болу әрі адамдардың сенімін иелену керек деп міндет қойды. Сондықтан Энергетика және Ұлттық экономика министрлігіне желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде «дөңгелеr үстел» отырысын өткізіп, осы іс-қимыл жоспарын өңірлік бөлімшелердің, прокуратура өкілдерінің, монополистердің, депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен талқылауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті.

Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар