Қазақстанда ТМД, Еуропа және Азия елдерінің стартап-командалары үшін «TECHNATION» бағдарламасына қабылдау ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігімен бірігіп ТМД, Еуропа және Азия елдерінің стартап-командалары үшін «TECHNATION» акселерациялау бағдарламасының циклына қабылдау ашып жатыр.

TECHNATION - стартаптарды дамудың ерте сатысында оқытудың қарқынды бағдарламасы. Оған қатысу үшін 16 шілдеге дейін өтінім беріп, бұдан кейін жобаның сарапшылары мен менторлары үздік өтінімдердің ішкі іріктеуін өткізеді.

Бағдарламаның міндеті - төрт басымдықты бағыт: мобильдік технологиялар, электрондық коммерция, «бұлттық» есептеулер және медиа-технологиялардағы жаңа үдемелі инновациялық жобалар мен жолдарды анықтау. Байқау іріктеуінен өткен стартаптар бірнеше кезеңнен тұратын акселерациялау бағдарламасына түседі. Бірінші кезеңде қатысушыларды стартаптарды даярлаудың қарқынды екі айлық менторлық бағдарламасы күтіп отыр, екінші кезеңде командалар Кремний алқабына (АҚШ) тағылымдамадан өтуге барады. Қазақстанға оралған соң, командалар өз жобаларын одан әрі дамыту үшін 5 млн. теңгеге дейін инвестицияларды алуға үміттене алады. «Жобаның аясында 7 үздік стартап алынып, олар үшін біз Қазақстанда және Кремний алқабында әлемдік деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен кешенді бағдарлама өткіземіз. Бұл бағдарлама аяқталған соң аталған жобаларға көмек көрсетуді тоқтатпаймыз. TECHNATION жыл сайын өткізіліп тұрады және мен оның инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға жаңа түрткі болатынына сенімдімін», - деп атап өтті ҚР Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі басқармасының төрағасы Санжар Ізтілеуов.

Соңғы жаңалықтар