Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктердің саны 80,6% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 754 751 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 80,6 пайызға көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 4053,7 мың бірлікті құраған. Есептік кезеңде 12 777 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға аз. Бұл ретте жол апаттарынан 18 128 адам зардап шеккен.

1 қарашада көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ұйымдары 17,6 млрд теңге сомасына 48 424 сақтандыру төлемін жүзеге асырды. 

Соңғы жаңалықтар