+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстанда тіркелген ұшақтар Ливияға қару-жарақ тасымалдаған

2020 жылғы 23 қыркүйек 13:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тіркелген ұшақтар Ливияға қару-жарақ тасымалдаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің эмбаргосын бұзған әуе компанияларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының бұзылуы бойынша хат жолдады.

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, БҰҰ ҚК эмбаргосын бұзған Қазақстанда тіркелген үш әуе компаниясымен жұмыс жүргізді. Олар - «Azee Air» ЖШС, «Sigma Airlines» ЖШС және «Jenis Air» ЖШС. Осы пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері - Біріккен Араб Әмірліктерінде («AGANYA LTD») және Британдық Виргин аралдарында («Infinitive Seal Inc.») тіркелген шетелдік компаниялар. Аталған пайдаланушылардың әуе кемелері Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүддесі үшін пайдаланылған. Әуе кемелерінің негізгі базасы - Біріккен Араб Әмірліктері» деп хабарлады комитеттен.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағынан жүзеге асырылды. Халықаралық практикаға сәйкес, шетелде қалыптасқан тасымалданатын жүктің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан тарапы бақыламайды, керісінше ұшуды жүзеге асыратын шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары бақылайды.

«Қазақстан Республикасы заңнамасының, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан авиация әкімшілігі бас директорының 2020 жылғы 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, азаматтық әуе кемелерінің аталған үш әуе компанияның пайдаланушысы сертификатын, оның ішінде «Sigma Airlines» ЖШС пайдаланушы сертификатының қолдануы уақытша тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2020 жылғы 5 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливия жөніндегі комитетінің жеткізілімге эмбаргосының бұзылуына қатысты баяндамасын ұсынды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің баяндамасында тергеу барысындағы қазақстандық билік пен Қазақстанның авиация әкімшілігінің ашықтығы мен ынтымақтастығы үшін БҰҰ сарапшылар тобының алғысы атап өтілді» делінген хабарламада.

Еліміздің имиджін қақтығыс аймақтарына немесе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясындағы елдерге қару-жарақ пен әскери техника жеткізудің «ашық емес схемаларына» тартылған жосықсыз шетелдік әуе компаниялардың әрекеттерінен сақтау мақсатында жүк тасымалдауға және оларды кейіннен бақылауға арналған әуе кемелерін тіркеу үшін қосымша шарттар әзірленді, олар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасына енгізілді.

Аталған нормалар 2020 жылдың соңына дейін Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының аясында қабылданады деп күтілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT