Қазақстанда тіркелген көліктердің саны қаңтар-ақпанда 70,8% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 135 287 жеңіл көлік тіркелді. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 70,8 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биылғы жылғы 1 наурызындағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автомобильдер саны 3846,3 дананы құрады.

Аталған мерзімде 1924 жол-көлік оқиғалары болды. Бұл көрсеткіш осыған дейінгі сәйкес мерзімдегіден 6,6 процентке аз. Бұл ретте жол-көлік оқиғаларының салдарынан 2765 адамның мерт болғандығын айта кету керек.

Биылғы жылдың 1 наурызы бойынша, сақтандырушы ұйымдар құны 3,9 млрд теңге болатын 15 251 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған.

Соңғы жаңалықтар