Қазақстанда тіркелген діни миссионерлердің саны 400-ге жуықтады

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат -Қазақстанда 394 миссионерлер тіркелген.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, Дін істері агенттігі қызметінің басты бағыттарының бірі миссионерлік қызметті реттеу болып табылады. «Осы мақсатта шетелдік миссионерлердің елге келу тәртібі нақты бекітілді. Заңға сәйкес, қазір тиісті куәлік алғандар миссионерлік қызметін нақты ережеде бекітілген және куәлікте белгіленген өңірлерде ғана жүзеге асыра алады. Осы тәртіп негізінде елімізде тіркелген миссионерлер саны 394-ке жетті», - дейді Қ. Лама Шариф.

Соңғы жаңалықтар