+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстанда тікұшақ көмегімен 23 есірткі алқабы анықталды

2019 жылғы 23 қыркүйек 09:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тікұшақ көмегімен 23 есірткі алқабы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тәртіп сақшылары тікұшақ көмегімен әуеден 23 есірткі алқабын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Британияда ет турамасының арасынан  200 келі кокаин табылды СҚО-да синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана жойылды Жамбылда жыл басынан бері 2,5 тонна есірткі тәркіленген

Полиция қызметкерлері «Көкнәр» операциясы барысында 3 айдың ішінде 16,7 тонна есірткі тәркіледі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тікұшақ көмегімен заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантацияны тапты.

«Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі. Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлерге өзге өңірлерден әріптестері мен техникалық құралдар көмекке келуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды», делінген хабарламада.

Осындай тәсіл оң нәтиже беруде. Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

- Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT