Қазақстанда тікелей халықаралық әуе рейстер саны артады
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Түркия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді»,- делінген Комитет хабарламасында.
Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр, сонымен қатар салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Ыстанбұл-Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік әуе компаниялардың бірі болып қызығушылығын растады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюдеICAN 2019 аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді.«Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді», - деді Комитеттің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Австриямен әуе қатынасын кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
«Ашық аспан» режимі аясында Австрия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.Екі ел арасында аптасына 21 рейске дейін, атап айтқанда Вена - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейске дейін, сонымен қатар тағайындалған әуе компанияларға (Austrian Airlines, Air Astana) Вена - Алматы бағыты бойынша аптасына 7 рейс және Вена-Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейс орындауға мүмкіндік берілді.Еске салсақ, ҚР Президенті тікелей халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру қажеттігі туралы тапсырма берген болатын.