Қазақстанда тиімді тауар өткізу жүйесі құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тиімді тауар өткізу жүйесі құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарларды сақтау мен тұтынушыларға жеткізудің заманауи инфрақұрылымын құру қажет. Мысалы, көкөністер Көкшетау қаласындағы базарға жеткізілген кезде өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолда 3 есе қымбаттайды. Делдалдар да, бөлшек сатушылар да 87 пайызға дейін жоғары үстеме баға орнатады. Ал сақтау мен технологиялық шығындарды ескере отырып, баға тағы 52 пайызға өседі», - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, тауарларды сақтау мен тұтынушыларға жеткізудің заманауи инфрақұрылымын құру тиімсіз делдалдар желісінен арылтады және қосылған құнның барлық тізбегі бойынша маржиналдықтың ашық деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді. Тиімсіз делдалдарды болдырмайтын отандық тауар өндірушілер үшін өнімді тікелей өткізу арнасы пайда болады. Өнімді сақтау және тиімді бөлу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

« Министрлік мемлекеттік органдармен және даму институттарымен бірлесіп Қазақстанда тиімді тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде. Биылғы 15 қаңтарда Премьер-Министр жанынан жаңа жобалық офис құрылды. Ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдар мен Азия даму банкінің қатысуымен отырыстар өткізуді бастады. Бұл банктің басқа елдерде тауар өткізу жүйесін құру тәжірибесі мол. Қазіргі уақытта банк Өзбекстан мен Қырғызстандағы тиісті жобаларды іске асыруда», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар