+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Қазақстанда терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды

2018 жылғы 29 қазан 13:39
Бөлісіңіз:
Қазақстанда терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 27 қазанда Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғыны ұсталды. Оларға интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдік келтірілуде.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің 180-нен астам діндар тұрғындары қатысушы болған.

«Сонымен қатар ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT