Қазақстанда террористік актілер жасамақ болған радикалды топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 маусым күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қаласында радикалды діни топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталды, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынды.

Көрсетілген адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар