Қазақстанда темекі шегетіндер көп пе

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстанда темекі акциздері көтеріле бастады. Соның нәтижесінде темекі шегетін азаматтардың саны азайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біздің мәліметімізге сәйкес, Қазақстанда темекі шегетіндердің саны 8 процентке төмендеді. Енді, тағы xалықаралық мәліметтер де бар. Онда 4 процент деп көрсетеді. Дегенмен, ең бастысы, оң тенденция байқалып отыр. Бүгінде Қазақстанда орташа есеппен 4 миллион адам темекі шегеді", - дейді Темекіге қарсы коалицияның мүшесі Жәмиля Садықова.

Оның айтуынша, темекі шегетіндердің саны азайғаннан кейін осы саладағы өндірістің көлемі 20 процетке қысқарды. "Негізі, бұның барлығы акциздің әсері ғана емес. Қоғамдық жерлерді темекі шегуге тыйым салу, темекі пәшкелеріне қорқынышты суреттерді салу және тағы басқа шаралар да оң нәтижесін берді. Дегенмен, акцизді арттыру, яғни салықты көбейтудің әсері қатты. Себебі темекінің бағасы көтеріледі", - деп атап көрсетті Ж.Садықова.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда темекі акциздері 1000 данаға 6,2 мың теңгеге дейін көтерілген болатын. Биыл тағы 7,5 мың теңгеге дейін өсті. Келесі жылы аталған салық 8,7 мың теңгеге жетуі тиіс. Алдағы уақытта темекі акциздерінің құнын көрші Ресейдің деңгейіне дейін көтеру көзделіп отыр. Ал салықтың мөлшері артса, баға да көтеріледі. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген сарапшылар темекі бағасының қалайша өзгеретінін айтып берді.  Бұдан бөлек, дүкен сөрелерінен темекі өнімдерін мүлдем алып тастауы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар