+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жылда 10%-ға артты

2020 жылғы 28 қыркүйек 14:58
Бөлісіңіз:
Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жылда 10%-ға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Темекі бір жылда 13%-ға қымбаттады. 1 қазаннан бастап темекі бұйымдарын сатуға жаңа ережелер қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетаулықтар жергілікті өнімді делдалсыз сатып алатын болды Ақмола облысында пандемия кезінде де өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артты ЕҮК отырысында қара және түсті металл қалдықтарын Қазақстан аумағынан шығару мәселесі қаралады

Қазақстанда қыркүйектің басында бір қорап темекінің бөлшек саудадағы құны 489 теңгені құрады, жылына 12,7%-ға артты. Темекі Ақтөбе (534 тг), Нұр-Сұлтан (521 тг) және Тараз (506 тг) қалаларында басқалармен салыстырғанда қымбат. Темекіні ең арзан сататын қалалардың үштігінде Петропавл (468 тг), Қызылорда (471 тг) және Павлодар (474 тг) қалалары тұр.

Қаржы министрлігі хабарлайды: 2020 жылдың 1 қазанынан бастап цифрлық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңі аясында темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді – енді ол міндетті түрде таңбалануы керек. Темекі өнімдерінің кез келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оларды фискалдық деректер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D-сканерді пайдалану арқылы ғана мүмкін болады. Бұл нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге және халықты арзан, бірақ денсаулыққа қауіпті контрафакт — жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап фильтрі бар темекілер; 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекі сияқты темекі өнімдерінің өзге де түрлері міндетті түрде таңбалануға жатады.

2020 жылдың мамырында Статистика комитеті алғаш рет ересек тұрғындардың шылым тұтынуы туралы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 5,5 млн адам қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша, қазіргі уақытта 21,9% қатысушы шылым шегеді, ал 78,1%-ы – шекпейді.

Елімізде күніне 14,1 млн дана темекі өнімі тұтынылады.

ҚР-да күн сайын 961,9 мың адам өндірістік темекі шегеді. Барлық темекі шегушілердің жартысына жуығы – 440,6 мың адам – күніне осы секілді 15-24 темекіні пайдаланады.

Тағы бір бөлігі – 236,5 мың респондент – күн сайын 10-14 темекі шегеді. Қатысушылардың 16,9%-ы күніне 5-9 темекі шегеді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда компаниялар 10,6 млрд темекі, сигар, папирос және басқа да осыған ұқсас бұйымдарды өндірді — өткен жылмен салыстырғанда 9,9%-ға артық. Ақшалай айтқанда өндіріс 131,6 млрд теңгені құрады.

Анықтама үшін: 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 17,4 млрд темекі өнімі өндірілді — 2018 жылға қарағанда 4,1%-ға аз*.

Жеті айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папиростарға сұранысты (экспорт плюс ішкі нарықта өткізу) 74,7%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 39,9% болған.

Импорт үлесі тиісінше 25,3% құрады. Елге 3 миллиард темекі мен папирос әкелінді – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4 есе аз. Экспорт үлесіне ресурстардың 13,9%-ы тиесілі болды. Бір жыл бұрын дәл осы көрсеткіш 13,4% болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT