Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелері артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда акциздердің фискалдық қызметі күшейетін болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Акциздердің фискалдық қызметі күшейетін болады. 2021 жылдан бастап сыраға, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға және құрамында сұйықтықтар бар никотинге акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады», - деді вице министр салық салуға қатысты заң жобасын таныстыру барысында.

Мұнымен қоса М. Тәкиев қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелері артатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Құжат аясында жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын төлемдерді бір салыққа біріктіру ескерілген.

Мұнымен қоса, көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар