Қазақстанда темекі мен бензин акциздері қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қаңтардан бастап Қазақстан темекіге акциз мөлшерлемесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі кәсіпкерліктің жекелеген түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлованың айтуынша, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекіге акциз мөлшерлемесі 13,8%-ға көтерілген.

«2019 жылы мың дана темекі 8700 теңге болса, қазір ол 9000 теңгені құрайды. Темекі өнімдеріне акциз ставкаларын көтеру 2006 жылғы 25 қарашадағы ҚР Заңымен бекітілген Темекіге қарсы күрес туралы конвенцияны орындау үшін қажет», - деді Г. Смағұлова елордада Салық заңнамасын түсіндіру туралы семинарда.

Сонымен бірге, басқарма басшысы бензин акциздерінің де қымбаттағанын еске салды.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап акциз өндірушілерге 1 тонна бензиннің көтерме сатылымы үшін 24 435 теңге, бөлшек саудадағы сатылымы үшін – өндірістік қажеттіліктерге 24 935 теңге (1 тонна), импорттау кезінде 1 тонна бензин үшін 24 435 теңге болмақ. Салық кодексінің 462-бабы 5-тармақшасында көрсетілген, шикізатты қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды бергенде 1 тоннаға 24 245 теңге белгіленген», - деді Г. Смағұлова.


Соңғы жаңалықтар