Қазақстанда телерадиоарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылды

None
None
НҰР-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда телерадиоарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының сайтына сілтеме жасап.

«16 қазан күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсерік, эфирлік цифрлық, аналог телехабар тарату және радиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты, жөндеу жұмыстары кезінде Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша телерадиоарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор уақытша қолайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды.

Соңғы жаңалықтар