+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қазақстанда телеөлшеу онлайн-сервисі іске қосылды

2021 жылғы 5 мамыр 14:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанда телеөлшеу онлайн-сервисі іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылдан бері Қазақстанда медиа өлшеулер жүйесін дамыту бойынша жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда телеөлшеулер процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы онлайн-сервисті іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бейжіңде қазақ жазушысының шығармашылығына арналған конференция  өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу «Тұмар» сыйлығы жалынды тұлғалар мен тың бастамалардың жасампаз жолына айналды – Аида Балаева «Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды

Сервис барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға негізгі қазақстандық телеарналарын аудиториялық көрсеткіштерімен тікелей режимде танысуға мүмкіндік береді.

Министрліктің сайтында ұсынылған аудиторлық көрсеткіштер Қазақстанның 21 қаласындағы 400 мыңнан астам үй шаруашылығы бойынша қалыптасады.

Қазіргі уақытта сервисте телеарналар үлесі жөнінде (талданып жатқан уақыт аралығында кез келген талданып жатқан республикалық телеарнаны қараған барлық телекөрермендерден пайыздық тұлғалаудағы телеарна көрермендерінің саны), әр минут сайын қамту (минутына бір рет болсын телеарнаны қараған телекөрермендер саны) және телебағдарламаларды қамту (нақты бір телебағдарламаны қараған бірегей телекөрермендер саны) көрсеткіштері қолжетімді.

Сервисті іске қосу телекөрерменнің талабына жедел түрде жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық теледидар контентінің бәсекелестігін одан әрі арттыруға жол ашады деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT