+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Қазақстанда теле-радиохабар тарату уақытша тоқтатылды

2020 жылғы 15 қаңтар 07:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда теле-радиохабар тарату уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 15 қаңтарда профилактикалық жұмысқа байланысты Қазақстанда теле-радиохабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазтелерадио» компаниясы сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Бұл жұмыс телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT