Қазақстанда таяу күндері күн жылынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-15 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа температурасы жоғарылайды, бірақ тұман мен көктайғақ сол күйі қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік аудандарынан атмосфералық ауа ағындарымен бірге циклон келеді. Соған байланысты қар жаууы ықтимал. Ал, оңтүстікте - нөсер, қар аралас жаңбыр жауады және тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 3...13°С, солтүстік және шығыс облыстарда минус 3...13°С-қа дейін көтеріледі. 

Соңғы жаңалықтар