Қазақстанда тәулігіне 64 мың ПТР-тест жасалмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тәулігіне 64 мың ПТР-тест жасалатын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта COVID-19-ға ПТР-сынақ әдісімен 2,5 млн-нан астам зертханалық зерттеу жасалды. Оның ішінде ең көбі Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілді. Вирустың жаңа толқынына қарсы зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 64 мың сынаққа дейін арттырылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін еліміздің 11 облыс орталығында 2,5 мың төсек-орынға арналған 12 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, пайдалануға берілетіндігі жоспарланған. Бұған қоса Өскемен мен Тараз қаласындағы жедел жәрдем қызметтерінің бос тұрған ғимараттары стационарға бейімделеді. Осылайша еліміздің 14 облысында аурухана жұмысын бастайтын болады.


Соңғы жаңалықтар