Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы даярланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бірқатар міндеттерді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия қайырылымдылық мәселелері бойынша әзірленіп жатқан заң жобасы аясында адамдар арасында өзара көмекті дамытудың маңыздылығын көрсетті. Қайырымдылық бағдарламаларына бизнестің қатысуын ынталандыру бойынша жаңа тетіктерді қарастыру керек», - деді Е. Тоғжанов аталған министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасына қатысты тоқталды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын әзірлеу керек. Ол бойынша қазіргі кезде нақты ұсыныстар бар, сондықтан сіздермен осы бағытта жұмыс істейміз. Ұлттық жоба аясында қазақстандық жастардың өзекті проблемаларын шешудің нақты қадамдары ескерілуі тиіс», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар