Қазақстанда Тәуелсіздік есімді бір адам, ал Егемен атты 21 адам тұрып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық статистика бюросы Тәуелсіздік күніне орайластырып қойылған есімдер жайлы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, азан шақырып қойған Тәуелсіздік атты бір адам болса, Егемен есімі 21 адамға қойылған.

Сондай-ақ елімізде 14 065 Азат, 3 913 Еркін және 23 Бостандық бар.

Ел аумағында сіз сияқты қанша адам барын мына сілтемеде тексере аласыз.

Еске сала кетейік, 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігін алған күн. Осыдан 31 жыл бұрын 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданған еді.


Соңғы жаңалықтар