Қазақстанда тауарларды толыққанды режимде қадағалау ұлттық жүйесі іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тауарларды толыққанды режимде қадағалау ұлттық жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарларды толыққанды режимде қадағалап отырудың ұлттық жүйені іске қосу жоспарлануда. Цифрлық салықтық әкімшілендіруде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін енгізу тиімдірек саналады. Онда тауарларға құжаттамалық қадағалау жүргізіледі. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы салық төлеушілерді санаттаймыз. Тексеру жоспарларын қалыптастырамыз, камералдық бақылау үшін салықтық және кедендік бақылауды анықтаймыз. Сондай-ақ ауқымды деректерді талдау және зияткерлік талдау жолымен бір күндік фирмаларды анықтаймыз және ондай фирмалардың шот-фактураларын жазып беруін бұғаттаймыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

тексерулер түрінде бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі. Яғни, бұзушылықтар қашықтықтан анықталады және хабарламалар нақты жолданады. Осы жылы 40 мыңнан астам электрондық хабарлама жолданды. Соның нәтижесінде қосымша 132 млрд теңгеден астам салық есептелді.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, комитетте Электрондық декларациялау орталығы мен Ахуалдық орталығы жұмыс істейді. Олардың жұмысында контрабандалық схемалар есебінен бюджетке толық түспеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін электронды құралдар тиімді іске қосылған», - деді Жайдар Іңкәрбаев.


Соңғы жаңалықтар