Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау rомитетінің жобалық кеңсесі ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның қызметімен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев танысты.

Комитет төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, жобалық кеңсенің қызметі 2019-2020 жылдары бес басым бағытты жүзеге асыруға бағытталатын болады: тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру; медициналық қызметтердің сапасын басқару моделін қайта қарау; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласын жетілдіру; Public Health Laboratories жаңғырту;

«Қызметтердің сәйкестігін міндетті растау жүйесін енгізу есебінен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесі, сондай - ақ кедендік шекарада өнімдерді әкелу кезеңінде бақылаудағы тауарларды қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жүйесі жетілдіріледі, - деді ол.

Сондай-ақ зертханаларды жоғары дәлдіктегі 85 бірлік жабдықтармен жабдықтау, жабдықты зерттеудің жаңа верификацияланған әдістерін енгізу, зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу, білім беру орталығын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, медициналық қызметтердің сапасын басқару моделі қалыптастырылатын болады, ол медициналық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біз Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бенчмаркинг (бағалау) нәтижелері бойынша ұлттық реттеуші органның жетілуінің 2 - деңгейін алу арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласын жетілдіреміз, - деп атап өтті Л. Бюрабекова.

Жобалардың жалпы мақсаты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру бөлігінде Халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау жүйесін жаңғырту болып табылады.

Жобалық кеңсенің міндеттері барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен, соның ішінде сауда және интеграция, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен және «Атамекен» ҰКП өзара іс-қимылда іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Дені сау ұлт» жобалық кеңсесінің іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, медициналық қызметтің сапасын арттыру және алғашқы медициналық көмек көрсету, білікті мамандарды даярлау, вакцинациялау, медициналық туризм мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев Денсаулық сақтау министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықаралық тәжірибені ескере отырып, жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, балаларды вакцинациялауды қамтамасыз ету, тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелерін пысықтауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар