Қазақстанда таралатын ақпараттық материалдарды террористік деп тану туралы шешім дереу орындауға жататын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Мәжiлiстің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлеріне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы бойынша ерекше өндірістік негізде экстремистік немесе террористік ұйымдарды «шетелдік» немесе «халықаралық» деген сөздерді алып тастай отырып, олардың әрекет ететін аумағына қарамастан тану шешімі қабылданады. Өйткені, бүгінгі күні Қазақстанда тіркелген ұйымдарды террористік деп тану тек ерекше шағымдық жағдайда ғана жүзеге асады. Әлбетте, бұл осындай ұйымдарға қатысты санаттағы істердің соттарда қаралу мерзіміне әсер етеді әрі олардың әрекеттерінің алдын алуға теріс әсер етеді», - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко. Оның айтуынша, осындай істер бойынша сот шешімдерін жедел орындау санатына жатқызу қарастырылып отыр.

Бұдан бөлек, заң жобасымен Қазақстан аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы шешімдерді дереу орындалуға тиісті шешімдердің қатарына жатқызу ұсынылады.

Жалпы, заң жобасының негiзгi мақсаты - экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қатынастарды реттейтiн заңнаманы жетiлдiру. Заң жобасында Азаматтық iс жүргiзу және Жер кодекстерiне, сондай-ақ ҚР бірқатар заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.

Мәселен, Жер кодексiне жер учаскелерiн беру процесiн реттеу, сондай-ақ ҚР Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасына сәйкес ғибадат үйiн (ғимараттарын) салу немесе ғимараттарды ғибадат үйiне қайта бейiндеу үшiн жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту бойынша түзетулер енгiзiлдi.

Соңғы жаңалықтар