+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Қазақстанда тамақ өнімдерінің өндірісі артты

2020 жылғы 11 тамыз 11:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тамақ өнімдерінің өндірісі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 7 айда тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 4,1 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, 7 айда тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 4,1 пайызға артып, 1 трлн 64 млрд теңгені құраған. Бұл ретте өңделген күріш өндірісінің 72 мың тоннадан 122,4 мың тоннаға немесе 70 пайызға ұлғайып отыр.

«Сондай-ақ шұжық өнімдерінің өндірісі 21,5, жарма 11,8, макарон 8,1, сары май 8, ұн 6,5, өсімдік майы 4,9, қышқыл сүт өнімдері 4,7, ірімшік пен сүзбе 1,9 пайызға артқаны байқалады», - деді ол.

Министрдің дерегінше, ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 13,5 пайызға ұлғайып, 261,2 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 13,8 пайызға артып, 45,7 млрд теңгені құрады.

«Есепті кезең қорытындысы бойынша оң серпін байқалады. Бұл ретте саланы дамыту үшін жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық шаралар қабылданады», - деді Сапархан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT