Қазақстанда тамақ өнеркәсібі мамандарының тапшылығы мәселесін оқу-әдістемелік кластер шешеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тамақ өнеркәсібі мамандарын даярлауға арналған оқу-әдістемелік кластер ашылды. Ашылу салтанатына қалалық кәсіпкерлер палатасы, білім басқармасы, Қазақстанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының Одағы өкілдері қатысты.

Аталған мәселе маусым айында өткен Алматы қалалық кәсіпкерлерінің бірінші конференциясында айтылған еді. Қалалық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ерлан Стамбеков Ұлттық кәсіпкерлер палатасына экономиканың әр саласы бойынша 6 салалық оқу-әдістемелік кластерін ашу туралы ұсыныс көтерген болатын.

Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп, туризм индустриясы, полиграфия мен баспа, жиһаз және ағаш өңдеу, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы өндірісі мен кәсіптік білім беру орындары арасында байланыс орнату қажеттігі айтылған болатын.

Бүгінгі ашылған тамақ өнеркәсібі мамандарын даярлауға арналған оқу-әдістемелік кластер - қалалық кәсіпкерлер палатасының жүзеге асырған алғашқы қадамы.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде елдегі тамақ өнеркәсібіне қажетті мамандардың тапшылығы мәселесі талқыланды.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2014 жылғы Қазақстан экономикасы 287 мың маманға мұқтаж, олардың ішінде 106 мың маман Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажет.

Аталған мәселе елімізі ЕАЭО-ға кірген кезде одан әрі ушыға түседі, дейді мамандар.

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО құру туралы келісім өз күшіне енеді. Онда жұмыс күшінің еркін қозғалысы көрсетілген. Біздің азаматтар Беларусь, Ресей елдеріне кедергісіз ене алады. Бұл тамақ өндіріс кәсіпорындары үшін мамандар тапшылығы мәселесін одан әрі ушықтыруы мүмкін. Өйткені, шекаралық облыстарда орналасқан кәсіпорындардан Ресейге кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан, жаңадан оқу орнын бітірген мамандарды Қазақстан кәсіпорындарында алып қалу маңызды. Ол үшін түлектерді белгілі бір кәсіпорынға келісімшартпен бекіту артық болмайды», - деді Қазақстанның Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының Одағының төрағасы Анатолий Попелюшко.

Кластер жұмыс берушілердің талабынан шығатын білікті мамандарды даярлауды жаңа кезеңге шығаруға бағытталған. Оқу-әдістемелік кластерді құру бизнес пен білім беру саласының арасын жақындата түседі.

Кластердің үйлестіру орталығы Алматыдағы «Перспектива» колледжі болады. Онда «Рахат» фабрикасына арнап мамандар даярланып жатыр.

«Мұнда студенттер практикалық тұрғыдан көп білім алатын болады. Тікелей өндірісте жүрген соң олардың біліктілігі де арта түседі»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар