Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 29 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Қазақстанда тағы үш өзбекстандық автокөлік шығарылады

2018 жылғы 14 наурыз 16:00 1061
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тағы үш өзбекстандық автокөлік шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «AllurGroup» компаниясы өзбекстандық автомобильдердің өндірістік желісін кеңейтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, Өзбекстанмен бірлескен кәсіпорын көліктері Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие.

«Өткен жылы Ravon R3 моделін алғаш рет бірлесе шығардық. Бұл модель сатылымда көш бастап тұр, қаңтар айында Қазақстан нарығында ең көп сатылған автокөлік ретінде танылды. Енді өзге де модель түрлерімен жұмыс істеп көруге ниеттіміз. Жыл соңына дейін бұл жұмыстарды бастап кететін шығармыз. Биыл бірлесіп шығаруға  бір модельді қосамыз, ал 2019 жылы тағы екі үлгі қосылады. Яғни, тағы үш көлік түрін шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Лаврентьев Астанада өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында.

Компания басшысы ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру бойынша өзбекстандық серіктестермен келіссөздер жүргізілгенін атап өтті.

«Өзбекстан ауыл шаруашылығы машинасын құрастыру үшін өте жақсы база болады. Дәлірек айтсам, біз олардан үйреніп жатырмыз. Олардың әлеуеті жоғары. Мәселен, беларустік серіктестеріміз астық жинау комбайндары бойынша үздік болса, өзбекстандық әріптестеріміз мақта жинау техникалары бойынша №1 орында. Бүгінде олар трактор кабиналарын шығарады, көптеген жабдықтарды өздері жасайды. Бұл кооперация бізге әзірлемеге уақыт жұмсамай, дайын өнімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп өз сөзін түйіндеді А. Лаврентьев.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында «AllurGroup» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен «Узавтосанаот» АҚ төрағасы Умуджан Салимов өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

 

 


Басты сөздер: Экономика, Өзбекстан, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат