Қазақстанда тағы екі лоукостер әуе компаниясы ашылуы мүмкін бе - Жеңіс Қасымбектің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстан нарығында тағы екі лоукостер әуе компаниясының ашылу ықтималдылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер Скат пен Бек эйр лоукостер компания ашқысы келсе - ешқандай қарсылық болмайды. Қазақстанның авиациялық тасымалдау нарығы шағын. Жалпы, 5-6 млн адам әуе қызметін пайдаланады», - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Вице-премьер өз сөзінде «Флай Арыстан» лоукостерін аша отырып, «Эйр Астана» темір жол көліктерімен бәсекелесуді жоспарлап отырғандығын атап өтті.

«Негізінен, лоукостерге Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы жолаушылар отырады. Бұл - бәсекелі күрес», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар