Қазақстанда тағы 37 сырқат коронавирустан қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 6 қазан күні Қазақстан аумағында 37 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 8 науқас.

Павлодар облысында - 6, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында - 4, Алматы және Қарағанды облыстарында - 3, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола облысында - 2, Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Түркістан, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.



Соңғы жаңалықтар