Қазақстанда табысты бизнесті қалай құруға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - NUR.KZ IT-компаниясының HR-директоры Мария Карчевская қазақстандық нарықта табысты бизнес құру үшін 5 негізгі критерийлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның басты құндылығы - адамдар

«Компанияның басты процестерінің бірі қызметкерлерді іріктеу және жалдау болып табылады. Біздің компания лауазымға тағайындау алдында үміткерді көп кезеңді іріктеуден өткізеді, кейін оның бейімделу үрдісі басталады. Басшылар мен HR-департамент бұл процеске көп уақыт пен күш жұмсауы керек, өйткені қызметкерді жалдау кезіндегі жіберілген қате сіздің бизнесіңізге өте қымбатқа соғуы мүмкін».

Мансаптық өсу мүмкіндіктері

«Қызметкерлердің компаниямен бірге өскені жақсы. Бізде ай сайын барлық ұжым жиналысы өтеді, онда қандай да бір қызметкердің жоғарылауы туралы жиі естуге болады. Жаңадан келгендер үшін бұл үлкен рөл атқарады, өйткені олар әріптестерінің мансаптық өсуін айқын көріп, »бізде мансаптық өсу мүмкін« деген фразаны естіп қана қоймай, өз көздерімен көреді».

Қызметкерлердің дамуы - бизнес үшін ілгерілеу

«Үлкен компаниялардың қызметкерлері өздерінің әріптестерімен тәжірибе бөлісуі өте маңызды. Бізде қызметкерлердің жұмыспен, дамумен немесе оқылған кітаптармен байланысты тақырыптарға шағын таныстырылымдарда сөз сөйлеу тәжірибесі бар. Біз бұл іс-шараларды баяндамалар деп атаймыз. Баяндамалар кез келген адам өз ой-өрісін кеңейтіп, басқа бөлімдердің жұмысы туралы жаңа нәрсе білу үшін дамытушы сипатқа ие. Баяндамалардың арқасында көптеген қызметкерлер нарықта пайда болатын барлық трендтер мен жаңалықтарды біледі».

Қолайлы іскерлік ахуал жасау

«Барлық жерде даулы жағдайлар болып жатады. »Ыстық аймақтарды« тауып, туындаған мәселелерді шешу өте маңызды. Әрқашанда түбегейлі бірдеңені өзгерту қажеттілігі жоқ, көбінесе қызметкер жай ғана ішіндегісін айтуы керек. Мен әрдайым былай деп айтамын және осыған сенемін: жаман адамдар жоқ, жай ғана жағдайды түсініп, жанжалдың себептерін анықтау керек. Қандай өткір жағдайлар болмасын, адамдармен адамгершілік қарым-қатынаста болу керек.


Түсіндіру әңгімелері, тәртіптік жазалар және сөгіс уақыты өтті. Осы аспектілерде мәселелерді кәсіби түрде шешу керек. Біздің компания қызметкерлері жұмыс уақытын өздері реттейді және өз жұмыстарына жауапкершілікті өз мойындарына алады. Мұндай тәсілдің арқасында үлкен команданың әрбір мүшесі өз міндеттерімен шұғылданады және кеңседе әрдайым жақсы атмосфера».

Жұмыс жасауға жайлы жағдай

«Біздің компанияда орнатылған дресс-код жоқ, негізгі қағида - ақылдылық. Егер сату менеджері клиентпен кездесу өткізсе, ол қалай көрінуі керек екенін өзі түсінеді.

Жұмыс кестесі қызметкерлердің көпшілігі үшін өзгермелі. Әрине, департаменттер бар, мысалы, редакция бөлімінде кесте өзгермелі. Басқа бөлімдердің қызметкерлері өзіне ыңғайлы кестені таңдай алады: 8:00-ден 17: 00-ге дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін немесе 10:00-ден 19:00-ге дейін.


Бізде заманауи кеңсе бар. Open-space пішімінің алаңы үлкен артықшылықтарға ие. Біріншіден, барлығы көрініп тұрады. Сен кім және немен айналысатынын көре аласың. Екіншіден, қызметкерлер арасында коммуникацияда проблемалар туындамайды, бұл үлкен компанияда өте маңызды. Кеңседе теннис үстелі бар, онда спорт сүйетін балалар жиі жиналады. Кейбіреулер тамаққа тапсырыс беріп, ас үйде уақыт өткізеді, басқалары бос уақытын кітап оқуға арнауы мүмкін. Бізде барлығымыз мүдделерді түйістіруге және байлауға мақсат жоқ. Біз адамдардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасаймыз.

Компанияда 3 айдан астам уақыт жұмыс істеген қызметкерлерге фитнес-орталықтар мен бассейндерге абонементтер, концерттер мен фильм көрсетілімдеріне билет ұсынамыз. Осының арқасында біздің командамыздың көп бөлігі үнемі фитнеспен айналысып, өзінің сырт келбетіне күтім жасайды».



Соңғы жаңалықтар