+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстанда сырттан цемент әкелуге 6 айға дейін тыйым салынбақ

2021 жылғы 17 мамыр 14:39
Бөлісіңіз:
Қазақстанда сырттан цемент әкелуге  6 айға дейін тыйым салынбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен цементтің бірінеше түрін келуге жарты жылдық тыйым енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан үшінші елдерден республика аумағына цементтің жекелеген түрлерін әкелуге алты ай мерзімге тыйым енгізеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30 сәуірдегі «Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығында осылай деп жазылған.

Нақтырақ айтсақ, үшінші елдерден Қазақстан аумағына клинкер цемент (2523100000), портландцемент (2523290000), балшықты цемент (2523300000) және гидравликалық цемент (2523900000) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынып отыр.

Бұйрық мәтінінде Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйым салудың енгізілгені туралы хабарлап, комиссияның қарауына ұсыныс енгізуі керек екені де айтылған.

Құжат Әділет министрлігінде 11 мамырда тіркелген. Алғаш жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT