Қазақстанда сұранысқа ие жаңа көліктердің рейтингі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 79 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған кезеңде ресми дилерлер 79 394 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2 пайызға жоғары. Биылғы 11 айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 711,2 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 20,8 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 56 867 адам (71,6 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, биылғы 11айда сатылған 22 527 автомобиль (28,4 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (16 412 көлік), Hyundai (15 622), Toyota (9 331 ), Chevrolet (7 532) және Ravon (7 057) көліктері көш бастады.

Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта – KIA (5 566 көлік), GAZ (2 787), Renault (2 395), Volkswagen (2 300 ) және Nissan (2 126) бар.


Соңғы жаңалықтар