+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда суицидке бармақ болған 114 бала құтқарылды -Балиева

2018 жылғы 19 қаңтар 12:49
Бөлісіңіз:
Қазақстанда суицидке бармақ болған 114 бала құтқарылды -Балиева

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылы өзіне қол салмақ болған 114 бала райынан қайтты. Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиынға ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ), Bilim Foundation қоғамдық қоры, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, педагог психологтар, шетелдік сарапшылар қатысты.

Омбудсмен Қазақстан жасөспірімдері арасындағы суицид мәселесінің өзектілігін айтты.

«Бүгінгі конференцияның маңызы өте терең. Бүгінгі заман талабы ерекше. Балаларымыз түрлі сынақтарға тап болып жатыр. Қазіргі кезде жасөспірімдер психологиялық тұрғыдан мықты болуы керек. Бүгін шетелдік сарапшылар өздерінің тәжірибелерімен бөліседі», - деді Зағипа Балиева Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде өткен конференция барысында.
null

Оның айтуынша, суицидтің алдын алу қоғамдағы маңызды рөлге ие.

«Бірінші кезекте халықтың, қоғамның менталитетін өзгерту керек. Балалар проблемасын ашық айтуды үйрету қажет. Қазіргі кезде психиатрға барыңыз десе, бәрі қорқады, теріс қабылдайды. Бір қуанарлық жағдай Қазақстанда өткен жылдармен салыстырғанда 2017 жылы суицид көрсеткіштері төмендеп келе жатыр. Осы бағытта арнайы желі жұмыс істейді. Енді балаларға ұялы телефон арқылы звондауға мүмкіндік бар. Өткен жылы 114 баланың өмірін сақтап қалдық. 5000-нан астам психологиялық көмек көрсетілді», - деді халық қалаулысы.
null

Шетелдік мамандардың айтуынша, жыл сайын әлемдегі жасөспірімдердің 10%-ы түрлі ауытқуға ұшырап, дене мүшелерін зақымдайды. Соның салдарынан 67 000 жасөспірім көз жұмады.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT