Қазақстанда суға тарифтер қалай өзгерді
«Сумен жабдықтау бойынша 2015 жылы бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері аясында 2018 жылы халыққа арналған тарифтер 4 өңірде өзгеріссіз қалды: Астана және Алматы қалалары, Қарағанды (Қарағанды қаласы 98,45 теңге/м3) мен Маңғыстау облыстары. Бұдан бөлек, 3 өңірде тарифтер төмендетілді. Бұл тұрғыда Алматы облысында («Жетісу су арнасы» МКК 61,32 теңге/м3-ден 60,41 теңге/м3 дейін, өсім 1,48%), Атырау облысында («Атырау су арнасы» МКК 101,33 теңге/м3-ден 97,5 теңгеге/м3 дейін, өсім 3,78%), сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында («Батыс су арнасы» МКК42,65 теңге/м3-ден 41,98теңге/м3 дейін, өсім 1,57%) тарифтер азайды»,- деді З. Ботбаева.
Мұнымен қоса, халыққа арналған тариф 10 аймақта артқан (ҚҚС-сыз):
Қызылорда облысы, «Қызылорда су жүйесі» КМ (өсім 1,09%);
Ақмола облысы, «Көкшетау су арнасы» МКК (өсім 1,25 %);
Ақтөбе облысы, «Ақбұлақ» (өсім 2,96%);
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Семей су арнасы» МКК (өсім 4,98%);
Қарағанды облысы (Жезқазған қ.), «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ (өсім 5,51%);
Павлодар облысы, «Павлодар су арнасы» ЖШС (өсім 6,0%);
Солтүстік Қазақстан облысы, «Қызылжар су» ЖШС (өсім 8,5%).
Жамбыл облысы, «Тараз су» МКК (өсім 8,64%);
Қостанай облысы, «Қостанай су» МКК (өсім 13,34%).
Шымкент қаласы, «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС (өсім 12,00%);
«Осылайша, ең аз өсім Қызылорда облысында (1,09%), ең жоғары өсім Қостанай облысында (13,34%) байқалады», - деді Зарина Ботбаева.