Қазақстанда су құстарының санағы жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы (ҚБСА) Халықаралық суда жүзетін және су маңында мекен ететін құстарды тіркеу есебіне (International Waterbird Census) қосылып, еліміздегі су құстарының санағын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық есеп бір мезетте әлемнің 100 елінде жүргізіледі.
«Бірінші болып ҚБСА клубының мүшелері құстардың есебін жүргізуге Ақтау қаласына аттанды. Маңғыстау облысында негізгі орнитологиялық аумақтардың бірі – Қаракөл орналасқан. Оқушылар ол жерден мыңдаған құстың барын анықтаған. Оның ішінде қоқиқаз да бар», - делінген ҚБСА-ның Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен бірге, клуб мүшелері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында мекен ететін құстарды санауда.
«Қатарымызға қосылуға ниетті кез келген азамат халықаралық шараға атсалысып, өзіне жақын маңдағы су айдындарындағы құстардың санағын жүргізе алады», - делінген хабарламада.
- Сенатор ГМО өнімдеріне тосқауыл қоюға қатысты ұсыныстар айтты
- «Фукусима-1» атом электр станциясында аса қауіпті радиациялық аумақ анықталды
- Ғаламшар тұрғындарының 60%-дан астамы климаттың өзгеруі адамзатқа қауіпті деп атады
- «Қазақстанның тұмса табиғаты» атты фотобайқау өткізіледі
-
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
-
2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жасалады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам